Мен, Құдиярова Жанар Сырлыбайханқызы, қазақ, 1980 жылы 20 сәуірде Түркістан облысында, Арыс қаласында дүниеге келдім. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қаласында М. Мақатаев атындағы №140 мектеп гимназиясында биология- химия мамандығы бойынша білім алдым. 1997 жылы әл-Фараби.Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің биология факультетіне оқуға түстім. 2001 жылы микробиология кафедрасының бакалавриатын бітіріп, сол университеттің «биология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түстім. 2002 жылы М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында өсімдік биоинженериясы зертханасында жұмыс істей бастадым. 2004 жылы ҚР БҒМ М.А.Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында «биохимия» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түстім. 2006 жылы аспирантураны аяқтап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология факультетінің генетика және молекулалық биология кафедрасының PhD докторантурасының күндізгі бөліміне оқуға түстім. 2009 жылдың маусым айында биология саласы бойынша философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «генетика» мамандығы бойынша диссертация қорғадым, қорғаудан кейін жоғарыда аталған кафедрада бір жыл аға оқытушы болып жұмыс істедім. 2010 жылы Rothamsted дәнді дақылдарының генетикалық жетілдіру ғылыми орталығында (Харпенден, Ұлыбритания) бір жылдық ғылыми стипендияны жеңіп алдым. 2012 жылдан 2019 жылға дейін Алматы технологиялық университетінде Тағам өндірістері факультеті тағам биотехнологиясы кафедрасының доцент м.а. қызметін атқардым. 2019 жылдан 2021 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқардым. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары медицина мектебінің факультетінде «Биохимия» пәнінен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ беремін. 50-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 2 оқу құралы жарық көрді. Орыс және қазақ тілдерінде «Молекулалық биология» және «Ферменттік препараттарды өндіру биотехнологиясы» пәндері бойынша дәрістер мен оқу құралдарының курстары дайындалды. Кәсіби және білім деңгейімді үнемі жетілдіріп отырдым. Менде IELTS-5.5 сертификаты бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазМУ
Жоғары
2001

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
03.06.2009
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0